Online Computer Library Center
| Online Computer Library Center (OCLC) | |
| OCLC, Inc. | |
| | |
| Мүшелік: |
100-ден астам елдегі 30 000+ кітапхана |
|---|---|
| Бас кеңсесі: |
Дублин, Огайо, АҚШ |
| Басшылары | |
| Ұйым түрі: | |
| Ресми тілі: | |
| Президент әрі бас директор (CEO) | |
| Негізін салушы | |
| Ohio College Library Center ретінде |
5 шілде, 1967 |
|
40°06′09″ с. е. 83°07′37″ б. б. / 40.1025° с. е. 83.1269° б. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 40°06′09″ с. е. 83°07′37″ б. б. / 40.1025° с. е. 83.1269° б. б. (G) (O) (Я) | |
Online Computer Library Center, Inc. (OCLC) — америкалық бейкоммерциялық кооперативтік және ғылыми-зерттеу ұйымы. Оның басты мақсаты — «дүниежүзіндегі кітапханаларда сақталған ақпаратқа қолжетімділікті жақсарту және өзара ынтымақтастық арқылы кітапхана шығындарын азайту жолдарын табу».[1] Бұл құрылымның негізі 1967 жылы 6 шілдеде Ohio College Library Center ретінде қаланған болатын.[2] 2017 жылы ұйым атауы ресми түрде OCLC, Inc. болып өзгерді.[3] OCLC пен оған мүше мыңдаған кітапхана бірлесе отырып, әлемдегі ең ірі ашық электронды каталог — WorldCat жүйесін жүргізеді әрі дамытып отырады.[4] Бұл бейкоммерциялық құрылым негізінен өзі ұсынатын сан алуан қызметтер үшін кітапханалар төлейтін жарналар есебінен қаржыландырылады. Аталған жарналардың жалпы сомасы 2021 жылғы мәлімет бойынша жылына шамамен 217,8 миллион долларды құрады.
Қазіргі таңда әлемнің 170 елі мен аймағындағы 72 мыңнан астам кітапхана түрлі материалдарды іздеу, сатып алу, каталогтау, өзара алмасу және сақтау үшін OCLC қызметтеріне жүгінеді.[5] Негізін Фред Килгур салған бұл ұйымның бас кеңсесі АҚШ-тың Огайо штатындағы Дублин қаласында орналасқан.
Қызметтері
[өңдеу | дереккөзін өңдеу]OCLC кез келген қолданушыға библиографиялық мәліметтерді, аннотацияларды және мақалалардың толық мәтіндерін ұсынады.
Ұйым өз мүшелерімен бірлесе отырып, әлемдегі ең ірі жиынтық электронды каталог — WorldCat (OCLC Online Union Catalog) жүйесін жүргізеді және дамытады.[4] Бұл дерекқорда дүниежүзіндегі мемлекеттік және жекеменшік кітапханалардың қорлары туралы мәліметтер жинақталған.
1988 жылы Forest Press баспасын сатып алу арқылы OCLC Дьюи ондық жіктеу жүйесіне (Dewey Decimal Classification) тиесілі тауар белгісі мен авторлық құқықтарды иеленді. Кітаптарды осы жүйе бойынша іздеуге мүмкіндік беретін арнайы браузер[6] 2013 жылдың шілдесіне дейін жұмыс істеп, кейін оның орнын Classify Service қызметі басты.
2009 жылдың тамызында Backstage Library Works компаниясына сатылғанға дейін, OCLC құрамында құжаттарды микрофильмдеу және цифрландырумен айналысатын Preservation Service Center орталығы (бас кеңсесі Бетлехемде, Пенсильвания) жұмыс істеді.
Ұйым 1971 жылдан бастап ортақ электронды каталогпен қатар мүше кітапханалар үшін дәстүрлі каталог карточкаларын басып шығаруды қолға алды. Мұндай соңғы қағаз карточкалар 2015 жылдың 1 қазанында басылып шықты.[7]
Әлем кітапханаларының бірлесуімен пайдаланушыларға тәулік бойы анықтамалық көмек көрсететін QuestionPoint қызметін 2019 жылы Springshare компаниясы сатып алып, оны өзінің LibAnswers платформасына көшірді.[8][9]
Дереккөздер
[өңдеу | дереккөзін өңдеу]- ↑ About OCLC : Public Purpose (ағыл.). Басты дереккөзінен мұрағатталған 29 қыркүйек 2012. Тексерілді, 18 наурыз 2010.
- ↑ IDEALS, Initial system design for the Ohio College Library Center: A case history (ағыл.). University of Illinois Urbana-Champaign. Басты дереккөзінен мұрағатталған 10 қаңтар 2018. Тексерілді, 29 наурыз 2012.
- ↑ Certificate of Amendment of the Amended Articles of Incorporation of OCLC Online Computer Library Center, Inc.. Ohio Secretary of State. (June 26, 2017). Басты дереккөзінен мұрағатталған 21 наурыз 2020. Тексерілді, 18 тамыз 2019. See also: Amended Articles of Incorporation of OCLC, Inc.. OCLC. (June 23, 2017). Басты дереккөзінен мұрағатталған 11 наурыз 2022. Тексерілді, 11 наурыз 2022.
- 1 2 Oswald Godfrey Largest unified international library catalog // Library world records — 3rd. — Jefferson, NC: McFarland & Company. — P. 291. — ISBN 9781476667775.
- ↑ OCLC renames European division (ағыл.). (22 қазан 2007). Басты дереккөзінен мұрағатталған 13 наурыз 2012. Тексерілді, 26 қыркүйек 2024.
- ↑ OCLC DeweyBrowser. Басты дереккөзінен мұрағатталған 6 желтоқсан 2012. Тексерілді, 28 мамыр 2017.
- ↑ OCLC prints last library catalog cards (ағыл.) (October 1, 2015).
- ↑ Gest, Jayne OCLC to sell QuestionPoint software to Florida company. (June 3, 2019). Басты дереккөзінен мұрағатталған 25 сәуір 2020. Тексерілді, 25 сәуір 2020.
- ↑ Springshare Acquires QuestionPoint from OCLC. (May 31, 2019). Басты дереккөзінен мұрағатталған 13 мамыр 2020. Тексерілді, 25 сәуір 2020.
| ||||||||||||||